Өндірісті локализациялау: дамудың стратегиялық қадамы


Өндірісті локализациялау: дамудың стратегиялық қадамы

2024 жылғы 26 наурызда Orbis Manufacturing (Orbis Kazakhstan компаниялар тобының еншілес кәсіпорны) Yibin Kaiyi Automobile Co., Ltd автомобиль концернімен меморандумға қол қойды. Құжат Orbis Manufacturing компаниясының KAIYI брендінің автомобильдерін Қазақстан Республикасында өндіру құқығын растайды.

KAIYI автомобильдерін Қазақстанда өндіру туралы меморандумға қол қою рәсімі Астанада қазақстандық экспорттаушылардың екінші Форумы аясында, ҚР Сауда және интеграция министрі А. Шаққалиевтің төрағалығымен өткен жоғары деңгейдегі арнайы панельдік сессия барысында өтті. Меморандумға Orbis Kazakhstan компаниялар тобының президенті Сухраб Махмудов пен Yibin Kaiyi Automobile Co., Ltd бас директоры Га Лей қол қойды.

Orbis Kazakhstan президенті Сухраб Махмудовтың айтуынша, қытайлық автоөндіруші мен қазақстандық компания арасындағы ынтымақтастық технологиялық сектордың тиімді дамуының жарқын мысалы және жалпы машина жасау саласы үшін үлкен қадам болып табылады.

«Қазақстан-Қытай бірлескен жобалары Қазақстанда сапалы және нарықта сұранысқа ие өнім шығаратын жоғары технологиялы кәсіпорындар құруға мүмкіндік береді. Біз қытайлық автомобиль брендтерінің қарқынды дамып, техникалық тұрғыдан өсіп келе жатқанын, ал олардың әлемдегі танымалдылығы жедел артып келе жатқанын көріп отырмыз. Біздің мақсатымыз – қазақстандық тұтынушыларға ең заманауи талаптарға жауап беретін жаңа өнімді қолжетімді бағамен ұсыну, және біз Қытайдың жетекші брендтерінің жоғары технологиялы автомобильдерін өндіруді ұйымдастыруға шамамен 72 млрд теңге инвестиция салып жатырмыз. Біздің жобамыз Қазақстан мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға көмектесіп, қазақстандық тауарлардың экспортын ілгерілетуге және сауданың дамуына ықпал ететініне сенімдіміз», – деді Сухраб Махмудов.

KAIYI брендінің автомобильдерін өндіру — Orbis тобының Қазақстанда жүзеге асырып жатқан жалғыз жобасы емес. Өткен жылдың мамыр айында Orbis Kazakhstan компаниясы EXEED International-мен осы брендтің автомобильдерін Қазақстанда өндіру туралы келісімге қол қойды.